Денис Тен Алматыда ашық жаттығу өткізеді

Денис Тен Алматыда ашық жаттығу өткізеді
Фото: massaget.kz

20 қыркүйек күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматыда жаңадан ашылған «Халық Арена» мұз айдынында ашық жаттығу өткізеді. Спортшы бұл шараны жанкүйерлері мен жас талантты мәнерлеп сырғанаушыларға арнап отыр.

Астана уақытымен сағат 12:00-де басталатын ашық жаттығу барысында Денис Тен жас мәнерлеп сырғанаушыларға арнап шеберлік сабағын өткізетін болады.

Айта кетейік, «Халық Арена» мұз айдыны 3000 орынға арналған. Онда алдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада хоккейден жарыстар өткізіледі.

Ө. Сансызбай