Шөгеннен республикалық турнир өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Шөгеннен республикалық турнир өтеді
Фото ©️ my.mail.ru

24 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы «Almaty horse and Polo club» ат спорты кешенінде шөгеннен республикалық турнир өтеді. Бұл туралы Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Турнирге Алматы, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстық шөген федерациялары мен "Astana Polo Club" командасы қатысады. Турнирдің алдын-ала ойындары 22-23 қыркүйек күндері аралығында өтеді. Финалдық кездесу мен марапаттау рәсімі 24 қыркүйекке жоспарланған.

Ертеде ата-бабаларымыз ойнаған, кейін келе ұмыт бола бастаған шөгенді қайта дамыту мақсатында елімізде көптеген чемпионаттар, турнирлер өткізілуде. Кезекті турнирдің мақсаты да шөген ойынының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, ойыншылардың спорттық дәрежесін шыңдау болып табылады.

Қазақстанда шөген ойынын қайта өрлету жөніндегі ұсыныстарды ғалымдар, журналистер және спорт функционерлері тоқсаныншы жылдардың аяғында айта бастады. Көп жылдан кейін 2012 жылы ғана Қазақстанда шөген федерациясы құрылды. Федерация қазіргі таңда шөгенді қайта жаңғыртып, өркендетіп, дамытып келе жатыр.