«Канело»: Менің командам Головкинмен жекпе-жек өткізуге қарсы

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
«Канело»: Менің командам Головкинмен жекпе-жек өткізуге қарсы
Фото ©️ inform.kz

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес оның командасы әлі бір жеңіліп көрмеген қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесу өткізуге қарсы екенін мәлім етті.

БӨЛІСУ

«Мен жанкүйерлер арасындағы күмәнді сейілту үшін қазір-ақ Головкинмен кездесер едім. Алайда менің командам оған қарсы, мен командаммен жұмыс жасауым керек», - деген Альварестің сөздерін ВКонтакте желісіндегі GGG ресми парақшасы келтірді.

Головкин мен Канело ағымдағы жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығады деп күтілген, алайда мамыр айында мексикалық WBC белдігінен бас тартып, жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегіне шегерілді.

Бұрын хабарланғандай,  мексикалық былғары қолғап шеберінің промоутері Оскар де ла Хойя жекпе-жектің өтетінін растады: «Жұрт Головкин - «Канело» жекпе-жегін бір жылдан астам сұрады. Пакьяо - Мэйвезер кездесуін олар сегіз жыл күткен.  «Канело» мен Головкин жекпе-жегі келесі жылы болады. Біз дайын болғанда оны өткізуге келісеміз. Канело 154 фунт салмақ дәрежесінде, Головкин - 160 фунт салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Канело 160 фунт дәрежесіндегі кездесуге дайын болғанда, біз оны ұйымдастырамыз».

Дереккөз: inform.kz