Неймар əншілікке бет бұрмақ

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Неймар əншілікке бет бұрмақ
Фото ©️ muizre.ru

Бразиялия құрамасының және "Барселона" клубының футболшысы Неймар өзінің әншілік мансабын бастайтынын хабарлады. Бұл туралы әлемнің үздік ойыншысыTwitter желісіндегі парақшасында жариялады.

БӨЛІСУ

"Мен музыкалық мансабымды бастамақпын! Сәрсенбі күні бірінші әнімді жазбақпын. Сахнада ән салатын боламын!" - деп жазды Неймар.

Неймар 2013 жылдан бастап "Барселона" сапында өнер көрсетеді. Өткен маусымда 24 жастағы ойыншы каталондықтар құрамасы үшін 48 кездесуде ойнап, 31 рет доп соққан. Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Неймар Бразилия құрамасы үшін ойнап алтын медальді иеленді.

Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz