«Қайрат» «Астананы» ірі есеппен ұтты (видео)

«Қайрат» «Астананы» ірі есеппен ұтты (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ХХVI турында Алматының «Қайраты» елордалық «Астананы» ірі есеппен ұтты. Астанада өткен ойында алаң иелері 1:4 есебімен басты қарсыластарына есе жіберді.

Ойындағы есеп 5 минутта-ақ ашылды. Бауыржан Исламханның асқан шеберлікпен асырған пасын Герсон Асеведо «Астана» қақпасына тура бағыттады. Қақпашы Ненад Эрич бұл соққыны қайтара алған жоқ.

Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық клуб екінші таймда таразы басын теңестіру үшін алға ұмтыла түсті. Сондай шабуылдарының бірі сәтсіз аяқталып, «Қайрат» қарымта шабуылда есепті еселеді. Бұл жолы Бауыржан Исламхан мергендігімен көзге түсті. Ал араға 5 минут сала Жерар Гоу нәтижені 0:3-ке жеткізді.

71 минутта ойынға тыңнан шыққан Джордже Деспотович есепті қысқартты. Оның айып алаңы сыртынан шірене тепкен добын Стас Покатилов қайтарып үлгермеді. Одан кейінгі уақытта «Астана» шабуылын үдетіп, қорғанысты тағы да ұмыт қалдыра бастады. Осындай сәттердің бірінде Бауыржан Исламхан шеберлік танытып, Андрей Аршавинге нәтижелі пас берді. Ресейлік ойыншы өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ненад Эричтің қақпасына төртінші голды соқты.

Нәтижесінде Алматының «Қайраты» «Астанамен» арадағы ұпай айырмасын 4-ке дейін қысқартты. Дегенмен елордалық ұжымның «Оқжетпеспен» өткізетін бір артық ойыны бар. Турнир кестесі төмендегідей:

ХХVI турда «Тараз» «Жетісуді» 3:2 есебімен, «Ақжайық» «Тобылдан» 1:0 есебімен, «Шахтер» «Атырауды» 3:0 есебімен басым түсті. Ал «Ертіс» - «Ордабасы», «Оқжетпес» - «Ақтөбе» кездесулері ертеңге жоспарланған.

Ө. Сансызбай