Алматыда 11 қыркүйек күні велошеру өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда 11 қыркүйек күні велошеру өтеді
Фото ©️ massaget.kz

Алматы қаласында 11 қыркүйек күні кезекті велошеру өтеді. Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізіледі.

БӨЛІСУ

Велошеру «Нұрлы Тау» БО-нан сағат 09:00-де бастау алып, Республика сарайы алаңында аяқталады. Қатысушылар 9 шақырымды артқа тастап, қазақ эстрадасының жұлдыздарымен өтетін «Отбасы күніне» арналған концерттік іс-шараның куәгері болады.

Сонымен қатар, ескерте кететін жағдай, барлық қатысушыларда арнайы шлемдер болуы керек, бұл міндетті талап, онсыз вело шеруге қатысуға рұқсат етілмейді!

Айта кеткен жөн, велошеру қатысушылары арасында көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ең басты жүлде - Валлонияға (Бельгия) жолдама.  

Жексенбілік спорттық іс-шаралар велошеруден кейін Дуатлоннан өтетін Республикалық турнирмен жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл күні Алматы қаласында бірнеше спорттық іс-шаралар өтеді деп күтілуде:

1. Сағат 11:00-де Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада;
2. Сағат 11:00-де Орталық демалыс саябағында әуесқой бокстан турнир өтеді.