Геннадий Головкин Лондонға келді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкин Лондонға келді (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин Лондонға ат басын бұрды. Отандасымыз 10 қыркүйек күні британдық Келл Брукпен жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

Лондонға GGG мен оның командасы, промоутері Том Леффлер, жаттықтырушысы Абель Санчес пен Максим Головкин келді. «Хитроу» әуежайынан түскен оларды «Sky Sports» арнасының тілшілері күтіп алды.

- GGG сенбі күні кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Лондонға келді. Ол британдық жанкүйерлерімен болатын кездесуді күтетін болады, - деп жазды Том Леффлер «twitter» желісіндегі парақшасында.

Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы шаршы алаңдағы шайқас Лондондағы «О2» аренасында өтеді.

Келл Брук бірінші орта салмақта жұдырықтасып келген боксшылардың бірі. Осыған дейін 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 25-де қарсыласын нокаутпен ұтқан. IBF чемпиондық атағына ие. Соңғы жекпе-жегін наурыз айының 26 жұлдызында өткізген. Шеффилд (Англия) қаласында өткен жекпе-жекте канадалық Кевин Бизьені екінші раундта нокаутпен ұтқан.