Қазақстан хоккейшілері Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан хоккейшілері Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен аяқтады
Фото ©️ vk.com

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчанг қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін аяқтады. Отандастарымыз топтағы соңғы ойынында Италия құрамасын ұтты.

БӨЛІСУ

Норвегия елінің астанасы Ослода өтіп жатқан іріктеу турнирінің бірінші күні отандастарымыз мұз айдын иелерін овертаймда ұтқанмен, екінші ойында Франция құрамасына ұтылып, жолдамадан үміт үзген еді. Бүгін топтағы үшінші ойында Италия құрамасын 3:2 есебімен ұтты.

Италия - Қазақстан - 2:3 - (1:1; 1:1; 0:1)

06:47 - 1:0 - Скандела (Бернард, Инсам) 
08:51 - 1:1 - Худяков (Рымарев, Шин) ГБ 
28:42 - 1:2 - Боченски (Шин) 
38:54 - 2:2 - Траверса (Марчети, Заната) ГБ 
56:12 - 2:3 - Старченко (Трясунов). 

Айта кетейік, топта бірінші орынмен шыққан құрама ғана 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчанг қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Пхенчангтағы Олимпиада ойындарына әлемдік үздік сегіздікке енетін Швеция, Финляндия, Канада, АҚШ, Ресей, Чехия, Швейцария мен Словакия құрамалары тікелей жолдама алса, Оңтүстік Корея жарысты ұйымдастырушы ел ретінде додаға іріктеусіз өтті.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына өз тарихында екі рет қатысқан. 1998 жылғы олимпиадада ширек финалға дейін жетіп, Канададан жеңілген.