Астанадағы марафонға 4,5 мың адам қатысты

О Сансызбай Корреспондент
Астанадағы марафонға 4,5 мың адам қатысты
Фото ©️ vesti.kz, bnews.kz

Бүгін елордада халықаралық қайырымдылық марафоны өтті. «Астана марафон 2016» марафонына 4,5 адам қатысты. Салауатты өмір салтын ұстанатындармен бірге ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков те қатысты.

БӨЛІСУ

Астана тарихындағы ауқымдағы марафонға Қазақстаннан өзге 25 мемлекеттен қатысушылар келген.  Атап айтқанда, қазіргі кезде АҚШ, Бразилия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, Австралия, Бельгия, Иран, Ресей, Түркия, Грекия, Жапония, Қытай, Франция, Польша және басқа да елдердің азаматтары бар. Жүгіруді ұйымдастыру деңгейі шетелдік қонақтарға да ерекше әсер қалдырды.

Риодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Гюзель Манюрова, Елдос Сметов, Василий Левит, Фархад Харки және чемпион Данияр Елеусінов те марафонға қолдау көрсетті.

Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Астана марафон 2016" қайырымдылық марафонында 42,2 шақырымды жүгіріп, ел жұртты таңқалдырды. Ал премьер-министр Кәрім Мәсімов 21,1 шақырымға жүгірді. 

Айта кетейік, марафоннан жиналған қаржы қайырымдылық қорларға беріледі. 2009 жылдан бері марафонның көмегімен 24 млн теңгеден астам қаржы жиналған. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі ауыл жастарын спортқа тартуға арналған «One Steppe Beyond» қайырымдылық жобасын жүзеге асыруға бағытталады.