Батыр Жүкембаев бразилиялық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Батыр Жүкембаев бразилиялық боксшымен жұдырықтасады
Фото ©️ vk.com

Қазақстан кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (4-0 4 КО) 24 қыркүйек күні спорттық мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – бразилиялық Леандро Мендеш Пинто.

БӨЛІСУ

Бразилиялық боксшы кәсіпқой рингте 30 жекпе-жек өткізген. Оның 19-да жеңіске жетсе,  2-де төрешілер шешімімен тең түскен. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Канаданың Квебек қаласында өтеді.

Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Мадияр Әшкеев те шаршы алаңға шығады. Отандасымыздың қарсыласы әлі анықталған жоқ.