Алматыда Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды
Фото ©️ massaget.kz

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды.

БӨЛІСУ

Қара шаңырақ ҚазҰУ қалашығынан орын тепкен жүзу бассейнінің ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменов, оқу ордасының ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЖОО түлектер ассоциациясының президиум мүшелері, студенттер мен оқытушылар, қоғамдық ұйымдар қатысты.

25 метрлік жүзу бассейнінің салтанатты ашылу рәсімінде Дмитрий Баландин де сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа алғысын білдірді.

Алдағы уақытта жүзу бассейні студенттердің игілігіне жаратылады. Сонымен қатар спорт кешенінде синхронды жүзуден ҚазҰУ құрамасының жаттығулары мен спортшыларды аймақтық, ұлттық және халықаралық жарыстарға дайындау жұмыстары жүргізіліп, университеттер арасындағы спорттық жарыстар ұйымдастырылатын болады.

Ашылу салтанаты барысында синхронды жүзуден ұлттық университеттің құрамасы көпшілік алдында өз өнерін көрсетті.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де өзінің атына берілген жүзу бассейнінде алғашқылардың бірі болып жүзді.

Жүзу бассейні алды мен залда студенттер Олимпиада чемпионына зор қошемет көрсетті.