Қазақстан хоккейшілері Олимпиада жолдамасына таласады

Қазақстан хоккейшілері Олимпиада жолдамасына таласады
Фото: google.kz

Бүгін түнде Норвегия елінің астанасы Ослода шайбалы хоккейден 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі басталады. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

4 қыркүйекке дейін созылатын іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы топта Норвегия, Франция және Италия құрамалары бір жолдамаға таласады. Бірінші орынмен шыққан құрама 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчанг қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Пхенчангтағы Олимпиада ойындарына әлемдік үздік сегіздікке енетін Швеция, Финляндия, Канада, АҚШ, Ресей, Чехия, Швейцария мен Словакия құрамалары тікелей жолдама алса, Оңтүстік Корея жарысты ұйымдастырушы ел ретінде додаға іріктеусіз өтті.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына өз тарихында екі рет қатысқан.1998 жылғы олимпиадада ширек финалға дейін жетіп, Канададан жеңілген.

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Дмитрий Малыгин, Павел Полуэктов, Виталий Колесник.
Қорғаушылар: Александр Липин, Максим Семенов, Роман Савченко, Дамир Рыспаев, Данияр Қайыров, Кевин Даллмэн, Мадияр Ибрайбеков, Артемий Лакиза, Вячеслав Трясунов. 
Шабуылшылар: Найджел Доус, Брэндон Боченски, Роман Старченко, Евгений Рымарев, Александр Шин, Никита Михайлис, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов, Владимир Маркелов, Иван Кучин, Никита Иванов, Нұрсұлтан Белгібаев, Максим Худяков, Константин Пушкарев.

«Kazsport» телеарнасындағы көрсетілім кестесі:

(Астана уақыты. Барлық ойындар тікелей эфирде көрсетіледі)

1 қыркүйек

00:00 Қазақстан - Норвегия

2 қыркүйек

20:00 Франция - Қазақстан

4 қыркүйек

15:30 Италия – Қазақстан

Ө. Сансызбай