KazSport арнасы Қазақстан-Қырғызстан ойынын тікелей эфирде көрсетеді

KazSport арнасы Қазақстан-Қырғызстан ойынын тікелей эфирде көрсетеді

KazSport арнасы 30 тамыз күні Бішкек қаласында өтетін футболдан Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының арасындағы жолдастық ойынды тікелей эфирден көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Қазақстан құрамасының бапкерлері бұл матчты 4 қыркүйек күні басталатын 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық ретінде қарастырып отыр. Айта кетерлігі, іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуін қазақ футболшылары "Астана-Аренада" Польша құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы ең соңғы кездесу 2 жыл бұрын болған. Ол ойын біздің пайдамызға 7-1 есебімен аяқталған еді.

Y. Almabek