Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады

Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай енді олимпиадалық салмақ - 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсете алады. Біз оған жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Өйткені, Назым - өте дарынды боксшы.

Бүгін түнде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова екеуі Алматыға оралған, бокстан Қазақстанның әйелдер құрама командасының аға бапкері Вадим Присяжнюк осылай деді. Ол әуежайда журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берген болатын.  

- Вадим Эдуардович, Назым Қызайбайды Рио Олимпиадасына алып бармағаныңызға өкінбейсіз ба?    

- Жоқ, ешқандай да өкінбеймін. Не үшін өкінуім керек? Егер Назым биыл Астанада өткен Әлем біріншілігінде 48 емес, 51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенде 48 келіде де, 51 келіде де медаль ала алмауымыз мүмкін еді. Тіпті, 51 келі салмақ дәрежесінде олимпиадалық лицензияға да қол жеткізе алмай қалуымыз да ғажап емес еді. Сондықтан, біз дұрыс істедік деп ойлаймын. Назым 48 келі салмақ дәрежесінде екінші рет Әлем чемпионы атанды. Ал, 51 келі салмақ дәрежесінде Жайна Шекербекова үшінші орынға ие болып, олимпиадалық лицензияға ие болды.

Сондықтан, бұл тек менің ғана емес, бапкерлер ұжымының ортақ пікірі - Назым физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да 51 келі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасында өнер көрсетуге дайын болған жоқ. Оның үстіне салмағы да аз еді. Сондықтан біз барлығын 100 пайыз дұрыс істедік деп ойлаймын.

- Ал енді, алдағы уақытта Назымның Токио Олимпиадасында өнер көрсетуіне мүмкіндігі бар ма?

- Әрине, Назым кішкене салмақ қосуы керек. Егер 48 емес, 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткісі келетін болса, онда дайындалсын. Біз оған жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Өйткені, Назым өте дарынды боксшы. Егер барлығы ойдағыдай болатын болса, Назым Токиода жасындай жарқылдап, жеңіс тұғырына көтеріле алады.

Негізі мен оған биыл мүмкіндік бердім ғой. Ол осы 51 келі салмақ дәрежесінде биыл Қазақстан чемпионы атанды. Жарайды деп, оны Қытайда өткен лицензиялық турнирге алып бардық. Бірақ, онда ол бес дүркін Әлем чемпионы, 33 жастағы үндістандық Мэри Комнан жеңіліп қалды. Ал, Мэри Ком жасы келген, бар күшін сарқыған боксшы. Ол тіпті Рио Олимпиадасына бара алған жоқ. Міне, сондай боксшыдан Назым жеңілсе не айтуға болады!? Ал, Жайна Азия ойындарында Мэримен тамаша бокстасты. 100 пайыз жеңіске жетті. Бірақ, төрешілер атақ-абыройы үшін жеңісті Мэри Комға берді. Міне, солай.          

- Ал, осы 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан Жайна Шекербекова бар мүмкіндігін көрсете алды ма?

- Өкінішке қарай, Жайна көңілдегідей өнер көрсете алмады. Мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алған жоқ. Неге? Біз жарыстың басталуын 20 күндей күттік. Осы күндер аралығында жөнді спаринг-серіктестер де болған жоқ. Шаршы алаңға шығуды 20 күн күту деген өте қиын. Осының барлығы Жайнаның физикалық және психологиялық дайындығына сөзсіз кері әсер етті. Бірақ, мен Жайнаны ойсырай жеңілді деп айта алмаймын. Бірінші раундта таза жеңді, бірақ, әрі қарай төрешілер жеңісті бермей қойды, екінші раунда та Жайна жеңді, бірақ үшінші-төртінші раунда расында да жеңілді деуге болады.    

 - Алда қандай жоспарлар бар?

-  Қазір аздап дем аламыз. Бізді биыл күзде қазан айында студенттер арасындағы Әлем чемпионаты, алдағы жылы Азия біріншілігі күтіп тұр. Міне, осы жарыстарға дайындалуымыз керек. Уақыт көп емес.

- Отставкаға кету ойыңызда жоқ па?

- Жоқ. Әзірге күш-қуат баршылық. Неге жұмыс істемеске!?

- Әңгімеңізге рахмет. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы