"Астананың" Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан елордалық "Астананың" қарсыластары белгілі болды. Монакода өткен жеребе тастау рәсімінде қазақстандық клубқа Грекияның "Олимпиакос", Кипрдің "АПОЭЛ" және Швейцарияның "Янг Войз" клубтары қарсылас атанды.

Топтағы алғашқы ойындар 15 қыркүйек күні өтеді. Соңғы ойын 8 желтоқсанға жоспарланған. Қазақстандық клубтың үш қарсыласы да Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі арқылы шыққан. 

"Астана" - Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан екінші клуб. 2013 жылы бұл доданың топтық кезеңіне бірінші болып қарағандылық "Шахтер" өткен болатын.

Жеребе қорытындысы:

"А" тобы; "Манчестер Юнайтед" (Англия); "Фенербахше" (Түркия); "Фейеноорд" (Нидерланд); "Заря" (Украина);

"В" тобы; "Олимпиакос" (Грекия); "АПОЭЛ" (Кипр); "Янг Войз" (Швейцария); "Астана" (Қазақстан);

"С" тобы; "Андерлехт" (Бельгия); "Сент-Этьен" (Франция); "Майнц" (Германия); "Габала" (Әзірбайжан);

"D" тобы; "Зенит" (Ресей); "АЗ Алкмаар" (Нидерланд); "Маккаби Тель-Авив" (Израиль); "Дандолк" (Ирландия)

"Е" тобы: "Виктория Пльзен" (Чехия); "Рома" (Италия); "Аустрия Вена" (Австрия); "Астра" (Румыния);

"F" тобы: "Атлетик" (Испания); "Генк" (Бельгия); "Рапид Вена" (Австрия); "Сассуоло" (Италия);

"G" тобы: "Аякс" (Нидерланд); "Стандарт" (Бельгия); "Сельта" (Испания); "Панатинайкос" (Грекия);

"Н" тобы: "Шахтер" (Украина); "Брага" (Португалия); "Гент" (Бельгия); "Коньяспор" (Түркия);

"І" тобы: "Шальке" (Германия); "Зальцбург" (Австрия); "Краснодар" (Ресей); "Ницца" (Франция);

"J" тобы: "Фиорентина" (Италия); ПАОК (Грекия); "Слован Либерец" (Чехия); "Карабах" (Әзірбайжан);

"К" тобы: "Интер" (Италия); "Спарта Прага" (Чехия); "Саутгемптон" (Англия); "Хапоэль Бьер-Шаба" (Израиль);

"L" тобы: "Вильярреал" (Испания); "Стяуа" (Румыния); "Цюрих" (Швейцария); "Османлыспор" (Түркия);


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты