IWF Бейжің Олимпиадасына қатысқан қазақстандық 4 ауыр атлеттен допинг тапты

IWF Бейжің Олимпиадасына қатысқан қазақстандық 4 ауыр атлеттен допинг тапты
Фото: google.kz

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында допинг қолданған спортшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық төрт ауыр атлет бар.

IWF допинг күдігіне іліккен 15 ауыр атлеттің қан сынамаларын қайта тексеріп шыққан. Тексеруден өткен спортшылардың сынамалары оң нәтиже бермеген. Олардың қатарында қазақстандық Ирина Некрасова (күміс жүлдегер), Мария Грабовецкая (қола жүлдегер), Майя Манеза мен Владимир Седов бар. Ауыр атлеттер уақытша халықаралық жарыстарға қатысудан шеттетілді.

Ирина Некрасова, Майя Манеза мен Владимир Седовтың қан сынамасынан - станозолол, Мария Грабовецкая оксандролон, станозолол және дегидрохлорметилтестостерон қолданған деген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының өкілдері спортшыларға қатысты тергеу жұмыстары аяқталмайынша, ешқандай да түсінік бермейтінін хабарлады.

Бейжіңде допинг қолданды деп күдікке ілінген 15 ауыр атлеттің 11-і жүлдегерлер қатарынан көрінген. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы атанған үш қытайлық спортшы да бар.

Беларусь - Анастасия Новикова (қола, 53 келі), Андрей Рыбаков (күміс, 85 келі), Ирина Кулеша (75 келі);

Қытай - Цао Лэй (алтын, 75 келі), Чэнь Сеся (алтын, 48 келі), Лю Чуньхуна (алтын, 69 келі);

Қазақстан - Мария Грабовецкая (қола, 75 келі), Ирина Некрасова (күміс, 63 келі), Майя Манеза (63 келі), Владимир Седов (94 келі);

Ресей - Хаджимурат Аккаев (қола, 94 келі), Дмитрий Лапиков (қола, 105 келі);

Украина - Наталья Давыдова (қола, 69 келі), Ольга Коробка (күміс, 75 келі);

Әзірбайжан - Низами Пашаев (94 келі).

Айта кетейік, осыған дейін допинг қолданды деп айыпталған Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Владимир Седов пен Светлана Подобедова Рио Олимпиадасына қатыстырылмаған еді. Сондай-ақ Алмас Өтешов пен Ермек Өміртай 4 жылға, Жасұлан Қыдырбаев пен Фаина Сыбанбаева 8 жылға спорттан шеттетілген-ді. 

Ө. Сансызбай