Геннадий Головкин спорттан қашан кететінін айтты

Геннадий Головкин спорттан қашан кететінін айтты
Фото: ztb.kz

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) өз дивизионындағы мықты қарсыластармен айқасу мүмкіндігі болмай жатқанына реніш білдірді.

Головкин 10 қыркүйекте Лондонда орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукке (36-0, 25 КО) қарсы титулдарын қорғайды. Ол өзіне 13 фунт салмақ қосады.

Орта салмақтағы WBC титулы Сауль «Канело» Альваресте (47-1-1, 33 КО) кезде Головкин онымен жекпе-жек өткізуге міндетті үміткер саналды. Алайда, мамыр айында WBC белбеуі қазақстандыққа беріліп, Альварес қайтадан бірінші орта салмаққа ауысты.

Сондай-ақ Головкин WBO титулының иегері орта салмақтағы Билли Джо Сондерспен кездесуге тырысты, бұл да іске аспады, британдық Крис кіші Юбенкпен де келісім аяқсыз қалды.

«Шаршы алаңға әлемдегі ең үздік боксшылармен шыққым келеді. Алайда, олар менен қашқақтауын қояр емес. Менің карьерамның аяқталуына екі, бәлкім үш жыл ғана қалды. Біреуді күтіп отыра беруге уақытым жоқ», - дейді 34 жастағы боксшымыз.

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы