Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды
Фото ©️ sport2014.kaztrk.kz

Елордалық шахматшы Динара Сәдуақасова Бхубанесварде (Үндістан) өткен шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем біріншілігінде 57 спортшы бас жүлдені сарапқа салды. 

БӨЛІСУ

Чемпионат барысында Динара Сәдуақасова көш бастап, 13-тің ішінен 9,5 балл жинады. Екінші орынға ресейлік, үшінші орынға үндістандық шахматшы ие болды.

ФИДЕ қамқорлығымен өткен чемпионатты Бхубанесвар КИИТ университетінің шахматтан Орисса қауымдастығы ұйымдастырды.Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 13 турмен өткізілді. Зияткерлік шайқас екі аптаға жалғасты. Динара қыздар арасында әлем чемпионы атанды, бұл шахматшылар арасындағы ең маңызды екінші атақ. Алда жаңа жеңістер мен ең маңызды турнир – әйелдер арасындағы чемпионат бар.

Динара Сәдуақасова – елімізде шахматтың дамуына елеулі үлес қосқан жас гроссмейстерлердің бірі. Елордалық Х.С. Омаров атындағы шахмат клубында бес жасынан бастап тәлім алып жүр. Динара шахматпен қатар музыка мектебінің фортепиано сыныбын үздік аяқтап, көркемдік гимнастикамен шұғылданған. Шахматқа біржола бет бұрған ол сегіз жасында әлемдік деңгейдегі жарыста топ жарады. Динара Сәдуақасова үш дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін вице-чемпионы және Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. 

Дереккөз: bnews.kz