"Селтик" - "Астана" қарымта кездесуін қайдан көруге болады?

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
"Селтик" - "Астана" қарымта кездесуін қайдан көруге болады?
Фото ©️ google.kz

Бүгін тамыздың 3-нен 4-не қараған түні Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Астана" шотландиялық "Селтик" командасымен қарымта ойын өткізеді.

БӨЛІСУ

Екі команданың кездесуі Глазго қаласының "Селтик Парк" стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 00.45-те басталады.

"Селтик" - "Астана" ойынын KazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Онлайн-трансляция арнаның ресми сайтында да жүргізіледі. 

Осыған дейін "Астана" клубының алдын ала кімдер өнер көрсететіндігі жарияланған. Глазгодағы ойында денсаулығының нашарлауына байланысты Неманья Максимович пен астаналықтардың капитаны Таңат Нөсербаев қатыспайды. Капитан жарақат алған болатын.

Еске салайық, 27 шілдеде "Астана Аренада" өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Ойынның басы белсенді болды. Екі команда да бар күшін шабуылға жұмсады. Бірінші голды ойынның 19 минутында Юрий Логвиненко соққан болатын.


Дереккөз: tengrinews.kz