Головкин бүгін баспасөз мәслихатын өткізеді

Головкин бүгін баспасөз мәслихатын өткізеді
Фото: pp.vk.me

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) британиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) өткізетін жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізу үшін бүгін Лондонға келді. Баспасөз мәслихаты бүгін өтеді.

Естеріңізге саламыз, боксшылардың кездесуі 10 қыркүйек күні Лондондағы 20 мың орынды О2 аренада өтеді. Қазірдің өзінде бокс кешінің билеттері түгелдей сатылған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін отандасымыз 3 кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы