«Астана» мен «Селтик» бірінші ойында тең түсті

«Астана» мен «Селтик» бірінші ойында тең түсті
Фото: vesti.kz

Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Селтик» арасындағы бірінші ойын тең аяқталды. «Астана Аренада» өткен ойында 1:1 есебі тіркелді.

Ойында бірінші болып қазақстандық клубтың ойыншылары есеп ашты. 19 минутта Патрик Твумасидің бұрыштамадан асырған добына Юрий Логвиненко бірінші болып жетіп, елордалық клубты алға шығарды. Алайда Станимир Стойлов шəкірттері ойындағы басымдықтарын сақтап қала алмады. 78 минутта Ли Гриффитс таразы басын теңестіріп кетті.

«Астана» шотландиялық клубқа қарсы ширақ ойнағанмен, көп тұста сəттілік серік болмады. Əсіресе екінші тайм басында Патрик Твумасидің есепті еселеуге зор мүмкіндігі болды. Ал Азат Нұрғалиевтің тепкен добы қақпа бағанынан қайтты. Соңғы минуттарда да «Селтикті» сан соқтыруға болар еді. Бірақ Марин Аничич өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

«Селтик» пен «Астана» арасындағы қарымта ойын 3 тамыз күні Глазго қаласында өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып, топтық кезеңге өту мүмкіндігіне таласатын болады. Жеңілген команда Еуропа лигасының плей-офф сатысында бақ сынайды.

Ө. Сансызбай