Головкиннің үшінші жекпе-жегі өтетін уақыт белгіленді

Головкиннің үшінші жекпе-жегі өтетін уақыт белгіленді
Фото: vesti.kz

Биыл алғашқы жекпе-жекте жерлесіміз американдық боксшы Доминик Уэйды нокаутпен жеңді. Г.Головкиннің екінші жекпе-жегі қыркүйектің 10-ы күні Ұлыбританияда өтпек. Сол жерде ол бірде-бір рет жеңіліп көрмеген британдық Келл Брукпен күш сынасып көреді. 

«Егер қыркүйекте Брукпен бәрі ойдағыдай өтсе, онда қараша-желтоқсан айларында келесі датаны белгілейтін боламыз. Головкин – бокстағы ең белсенді әлем чемпионы. Ол қатарынан 22 нокауты бар жалғыз чемпион болып саналады», - дейді GGG-дің промоутері Том Лефлер.

Айта кетейік, жақында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен екінші жартылай орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері Келл Бруктың арасындағы жекпе-жекке арналған промо-ролик жарияланған болатын.

Дереккөз: baq.kz

Е. Жұмабайұлы