Бүгін Қазақстан тұңғыш Олимпиадаға қатысқан күн

Бүгін Қазақстан тұңғыш Олимпиадаға қатысқан күн
Фото: m.azh.kz

Бүгін - Қазақстан спорты үшін тарихи күн. Осыдан дәл 20 жыл бұрын, тура осы күні Қазақстан тәуелсіз ел ретінде тұңғыш Олимпиада ойындарына қатысты.

Естеріңізде болса, Қазақстан жеке ел ретінде өз алдына команда жасақтап 1996 жылы Атланта олимпиадасына барды. Бұл байрақты бәсекенің алауы 19 шілдеде тұтанып, 4 тамыз күні сөнген болатын.

Қазақстан бірінші Олимпиада ойындарына спорттың 15 түрінен 94 спортшы апарып, жалпы есепте 24-орынды иеленген болатын. Онда жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған еді.

Алтынды Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі) иеленсе, күмісті Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін) жеңіп алған. Ал 4 қола медальға Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу) қол жеткізген еді.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы