Еуропаның үздігі атануға үмітті 10 футболшы

О Сансызбай Корреспондент
Еуропаның үздігі атануға үмітті 10 футболшы
Фото ©️ vk.com

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2015/2016 маусымдағы Еуропаның ең үздік ойыншысы марапатына үміткер 10 футболшының тізімін жариялады. Тізім қауымдастық құрамына кіретін тілшілердің дауыс беру нәтижесінде түзілген.

БӨЛІСУ

5 тамыз күні аталған 10 футболшының ішінен басты үміткер үздік 3 ойыншының аты белгілі болады. Ал Еуропаның үздік футболшысының есімі 25 тамызда Монакода өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тастау рәсімінде аталады.

Гарет Бэйл («Реал», Уэльс)

Джанлуиджи Буффон («Ювентус», Италия)

Антуан Гризманн («Атлетико», Франция)

Тони Кроос ( «Реал», Германия)

Лионель Месси («Барселона», Аргентина)

Томас Мюллер («Бавария», Германия)

Мануэль Нойер («Бавария» , Германия)

Пепе («Реал», Португалия)

Криштиану Роналду («Реал», Португалия)

Луис Суарес («Барселона», Уругвай)

Естеріңізде болса, Еуропаның үздік футболшысы марапаты 2011 жылдан бастап табысталып келеді. Сол жылы бұл атақты Лионель Месси иеленсе, 2012 жылы оның командаласы Андреас Иньеста жеңіп алған-ды. 2013 жылы – Франк Рибери, 2014 жылы – Криштиану Роналду, 2015 жылы Лионель Месси иеленген.