Неймар Роналдудың «Алтын допқа» лайықты екенін айтты

О Сансызбай Корреспондент
Неймар Роналдудың «Алтын допқа» лайықты екенін айтты
Фото ©️ vk.com

Каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергендерінің бірі Неймар мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналдуды биылғы «Алтын допқа» лайықты футболшы ретінде бағалады.

БӨЛІСУ

- Криштиану Роналду «Алтын допқа» лайықты. Ол өзінің клубы мен Португалия құрамасының чемпион атануына көп көмегін тигізді. Мен де «Алтын допты» алғым келеді. Бірақ биыл бұл жетістік бұйыра қоймайтын секілді, - деді бразилиялық шабуылшы.

Айта кетейік, биыл Криштиану Роналду «Реал» сапында Чемпиондар лигасында, ұлттық құрамамен алғаш рет Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды.