Еуропа чемпионатының үздік футболшысы анықталды

Еуропа чемпионатының үздік футболшысы анықталды
Фото: sportfakt.ru

УЕФА Техникалық бақылаушылар тобының шешімі бойынша Франция құрамасының ойыншысы Антуан Гризманн Еуропа чемпионатының үздік футболшысы атанды.  

«Антуан Гризманн әр матчта өзінің қарсыластарына қауіп төндірді. Оның техникасы өте мықты және ол командалық ойыншы. Техникалық бақылаушылар бірауыздан ол ең мықты футболшы болды деген пікір білдірді», - делінген УЕФА сайтында.

25 жастағы Гризманн турнир барысында 6 гол салып, екі рет голға доп шығарған.

Германиямен жартылай финалда неміс құрамасының қақпасына екі голды салған да сол. Сондай-ақ Ирландия құрамасымен 1/8 финалда тағы бір гол соқты. Бұған қарамастан, Португалия құрамасымен финалдық матчта Гризманн ерекшелене алмады. Футболдан Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтті және финалда португалиялықтар француздарды 1:0 есебімен ұтты.

 Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы