Головкин 10 қыркүйек күні британдық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Головкин 10 қыркүйек күні британдық боксшымен жұдырықтасады
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 36-шы жекпе-жегін 10 қыркүйек күні өткізетін болды. Қарсыласы – британдық боксшы Келл Брук.

БӨЛІСУ

Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы шаршы алаңдағы шайқас Лондондағы «О2» аренасында өтеді. Бұл туралы қазақстандық боксшы мен танымал промоутерлердің бірі Эдди Хирн хабарлады.

- 10 қыркүйек күні Лондонда Келл Брукпен жұдырықтасатынымды ресми түрде хабарлаймын. Ұлыбританиядағы алғашқы жекпе-жегіме дайынмын, - деді GGG «twitter» желісіндегі ресми парақшасында.

Келл Брук бірінші орта салмақта жұдырықтасып келген боксшылардың бірі. Осыған дейін 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 25-де қарсыласын нокаутпен ұтқан. IBF чемпиондық атағына ие. Соңғы жекпе-жегін наурыз айының 26 жұлдызында өткізген. Шеффилд (Англия) қаласында өткен жекпе-жекте канадалық Кевин Бизьені екінші раундта нокаутпен ұтқан.

Айта кетейік, осыған дейін Головкин мен оның командасы британдық екінші бір боксшы Крис Юбенкпен (кішісі) келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы айтылған болатын. Алайда қос тарап келісімге келе алған жоқ.