Стас Покатилов "Қайратта" ойнайды

Стас Покатилов "Қайратта" ойнайды
Фото: vesti.kz

Футболдан Ресейдің "Ростов" клубында ойнап жүрген Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов спорттық мансабын 2016 жылдың соңына дейін Алматының "Қайрат" клубында жалғастыратын болды. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Стас Покатилов Ресейдің "Ростов" клубына осы жылдың ақпан айында ауысқан болатын. Алайда қазақстандық қақпашы негізгі құрамнан көріне алмады. 

Еуропа лигасын сəтті бастаған алматылық ұжым қақпашыны жалға алып отыр. Келісімшарттың өзге тұстары хабарланған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін "Қайрат" чилилік Жерсон Асеведо жəне талдықорғандық "Жетісуда" ойнаған Бауыржан Тұрысбекті қатарларына қосқан болатын.

Ө. Сансызбай