Премьер-лига. «Оқжетпес» пен «Ордабасы» жеңіске жетті (видео)

Премьер-лига. «Оқжетпес» пен «Ордабасы» жеңіске жетті (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының 18-турындағы «Оқжетпес» пен «Ақтөбе», «Ақжайық» пен «Ордабасы» арасындағы ойындар аяқталды. Ал қалған үш ойын ертең өтеді.

Көкшетауда өткен «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» арасындағы ойында 4:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Марат Хайруллин дубль авторы атанса, Александр Кислицын мен Әлібек Бөлешов бір-бір голдан соқты. Ал «Ақтөбенің» бір голын 88 минутта Дмитрий Голубов өз еншісіне жазды.

Оралда өткен «Ақжайық» пен «Ордабасы» арасындағы ойында 0:1 есебімен шымкенттік клуб жеңіске жетті. Бақтияр Байсейітов жаттықтыратын клубқа жеңіс сыйлаған голды 42 минутта Гафуржан Сүйімбаев соқты.

Айта кетейік, кеше алматылық «Қайрат» өз алаңында «Астананы» 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ертең «Ертіс» - «Жетісу», «Тараз» - «Тобыл», «Атырау» - «Шахтер» клубтары арасындағы ойындар өтеді.

Ө. Сансызбай