Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Нұрбол Нұрмаханұлы Корреспондент
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Фото ©️ tengrinews.kz

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, − деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

24 маусымда ол Астанада баспасөз мәслихаты кезінде таныстырылды. Осылайша, Байсуфинов Қазақстан құрамасының тарихындағы 13-ші бас бапкері болып отыр.

Биыл Байсуфинов Нұркен Мәзбаевпен бірге осы қызметте міндетін атқарушы ретінже жұмыс істеген болатын. Олардың басшылығымен команда үш жолдастық кездесу өтті, онда Қазақстан екі рет жеңіске жетті (Қытай мен Әзірбайжан) және біреуінде тең ойнады (Грузия).

Байсуфиновтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу раундында матч өткізеді. Е тобында Румыния, Дания, Польша, Черногория және Армения қарсылас болады.  

Айта кетейік, Қазақстанның бас бапкері қызметі ресейлік Юрий Красножан орнынан кеткеннен кейін бос еді.

Дереккөз: tengrinews.kz