Азат Нұрғалиев "Астанаға" ауысты

Азат Нұрғалиев "Астанаға" ауысты

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев "Астанаға" ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Азат Нұрғалиев елордалық клуб сапында осы маусым соңына дейін ойнайды. Команда сапында 13-нөмірмен өнер көрсететін болады. 

Азат Нұрғалиев - Шымкент футбол мектебінің түлегі. Осыған дейін "Ордабасыдан" өзге "Тобыл", "Жетісу" мен "Сұңқар" клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 29 ойынға қатысқан. Осы маусымдағы премьер-лиганың 17 ойынына қатысып, 6 гол соққан, 4 нəтижелі пас берген. 

Айта кетейік, биыл "Астана" Чемпиондвр лигасында ел намысын қорғайды. Елордалық клуб жарысты екінші кезеңнен бастайды.

Ө. Сансызбай