ХОК қазақстандық ауыр атлеттерге қатысты шешімін қашан шығарады?

ХОК қазақстандық ауыр атлеттерге қатысты шешімін қашан шығарады?
Фото: bbc.com

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық ауыр атлеттерге қатысты шешімін 27 маусым күні шығарады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Сенат отырысында хабарлады.

Сәкен Мұсайбековтің айтуынша, 27 маусымда ХОК-те тәртіптік комиссия спортшылардың Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысу-қатыспауы және Лондонда алған медалдерін қайтару туралы мәселелерді талқылайтын болады.

- «А» және «Б» сынамаларының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың нәтижелері оң болмай тұр. 27 маусым күні ХОК барлығын талқылайды. Осыдан кейін шешім шығады. Егер шешім біз үшін теріс болса онда оған 20 күн ішінде шағымдана аламыз. Бұдан соң шешім Халықаралық федерацияға түседі де, түпкілікті шешім шығады. Бұған дейін сынамалар күдікті деп саналады және спортшыларымызды кінәлі деуге болмайды. Біз спортшыларымызға заңдық тұрғыдан барынша көмектесіп, соңына дейін күресеміз – деді Сәкен Мұсайбеков.

Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) 2012 жылғы Олимпиадада допинг қолданды деген 10 спортшының есімін ресми сайтында жариялаған болатын. Оның ішінде Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова да іліккен еді.

Ө. Сансызбай