Мария Шарапова екі жылға спорттан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
Мария Шарапова екі жылға спорттан шеттетілді
Фото ©️ 112.ua

Танымал ресейлік теннисші Мария Шарапова мельдоний дәрісін қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы ITF шешімінен кейін белгілі болды.

БӨЛІСУ

Ресейлік теннисші 2018 жылдың 25 қаңтарына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Алайда спортшының Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін (CAS) сотқа шағым түсіруіне болады.

Мария Шарапованың мельдоний препаратын қолданғаны «Australian Open-2016» турнирі кезінде алынған сынамасынан белгілі болған еді. Наурыз айында спортшы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бұл препаратты 10 жылдан бері ішіп келе жатқаны туралы ресми түрде айтқан болатын. Ал WADA мельдонийді спортшылардың пайдалануына қаңтар айынан бастап тыйым салған болатын.