Футболдан ел кубогының жартылай финалдық жеребесі тартылды

Футболдан ел кубогының жартылай финалдық жеребесі тартылды
Фото: pflk.kz

Футболдан ҚР кубогының жеребесі тартылып, жартылай финалда бір-бірімен кездесетін клубтар белгілі болды. Салтанатты рәсім Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Астанадағы кеңсесінде өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша жартылай финалда «Қайрат» пен «Атырау», «Астана» мен «Ертіс» кездесетін болады. Бірінші ойындар 21 қыркүйек күні Алматы мен Астана қалаларында өтсе, қарымта кездесулер 6 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, соңғы екі маусымда ел кубогын Алматының «Қайраты» жеңіп алған болатын.

Ө. Сансызбай