Премьер-лига. Исламхан, Аршавин мен Гоу қос голдан соқты

Премьер-лига. Исламхан, Аршавин мен Гоу қос голдан соқты
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ХІІ тур ойындары мәресіне жетті. Назарларыңызға ойындардың нәтижелерін ұсынамыз.

ХІІ турдағы ең ірі есеп айырмасы Алматының орталық стадионында өткен «Қайрат» пен «Оқжетпес» ойынында тіркелді. Алаң иелері көкшетаулық клубты 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин мен Жерар Гоу дубль авторлары атанды. Cондай-ақ бұл нәтиже маусымдағы ең ірі есеп айырмасы тіркелген алғашқы ойын болды.

Елордалық «Астана» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын ұтты. Ойында Станимир Стойлов командасы сапынан Марин Аничич, Рохер Каньяс пен Танат Нөсербаев гол соқса, «Ордабасының» бір голын Александр Симчевич өз еншісіне жазды.

Өткен турда «Астананы» жеңген «Атырау» жеңісті жолын жалғады. Батыстық клуб Қостанайда «Тобылды» ұтты. Ойында 1:2 есебі тіркелді.

Талдықорғанның «Жетісу» клубы өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубын 2:0 есебімен жеңді. «Кеншілердің» екнші таймда есепті қысқартуға мүмкіндігі болғанмен, 71 минутта Зенели 11 метрлік айып добын сәтті орындай алмады.

Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» ұта алмады. Кездесуде есеп ашылмады. Ал «Ақтөбе» мен «Тараз» арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды.

ХІІ тур ойындары

«Астана» – «Ордабасы» 3:1 (2:1)

Голдар: Аничич 7 (1:0), Симчевич 10 (1:1), Каньяс 21 (2:1), Нөсербаев 72 (3:1)


«Тобыл» – «Атырау» 1:2 (0:1)

Голдар: Дамчевски 9 (0:1), Жұмасқалиев 69 (1:1), Макась 83 (1:2)


«Жетісу» – «Шахтер» 2:0 (0:0)

Голдар: Савич 57, Калинин 64

Пенальти соға алмады: Зенели 71

 

«Қайрат» – «Оқжетпес» 6:0 (1:0)

Голдар: Аршавин 28, Аршавин 52, Исламхан 54, Исламхан пенальтиден 68, Гоу 82, Гоу 85

 

«Ертіс» – «Ақжайық» 0:0

Алаңнан қуылды: Ахметов 78 – Говедарица 73 (екінші ескерту қағазы)

 

«Ақтөбе» – «Тараз» 2:2 (2:1)

Голдар: В.Евстигнеев 38 (0:1), Смақов пенальтиден 44 (1:1), Жалмұқан 45+1 (2:1), Мане 50 (2:2)

Турнир кестесі

  Командалар    Ойын    Ұтыс    Тең ойын    Жеңіліс    Голдар    Ұпай  
1  Астана 12 10 1 1 19-7 31
2  Ертіс 12 8 3 1 22-6 27
3  Қайрат 12 6 2 4 18-8 20
4  Оқжетпес 12 6 2 4 16-13 20
5  Ордабасы 12 6 2 4 17-17 20
6  Ақтөбе 12 5 4 3 14-14 19
7  Атырау 11 3 4 4 8-11 13
8  Тобыл 11 3 3 5 14-15 12
9  Жетісу 12 3 3 6 13-20 12
10  Шахтер 12 2 3 7 4-15 9
11  Ақжайык 12 2 2 8 4-15 8
12  Тараз 12 1 3 8 11-19 6
Ө. Сансызбай