Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталы топтан шығып қалды

Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталы топтан шығып қалды
Фото: vesti.kz

Хоккейден Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Латвиядан жеңілген Қазақстан ұлттық құрамасы элиталы топтағы орнын сақтай алмады. 

Андрей Назаров жаттықтыратын команда Латвияға қарсы ойында сәтті бастағанмен, сәтті аяқтай алмады. 4 минутта Никита Иванов соққан шайба Қазақстан құрамасын алған шығарған-ды. Алайда екінші кезеңдегі Роман Савченконың қателігі қарсыластардың таразы басын теңестіруіне мүмкіндік берді. Ал аса тартысқа толы өткен үшінші кезеңде Латвия құрамасының жолы болды. 54 минутта Марис Бичевскис қорғаныстағы қателікті ұтымды пайдаланып, Виталий Колесников қақпасына жеңіс шайбасын соғып кетті.

Латвия құрамасына есе жіберген Қазақстан элиталы топтан шығып қалды. Команда топтағы соңғы ойынын 16 мамыр күні Дания құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан - Латвия 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

1:0 - Иванов - 04:37
1:1 - Даугавиньш - 35:14
1:2 - Бичевскис (Индрашис, Цибульскис) - 54:49

Ө. Сансызбай