«Ақтөбе» мен «Ордабасы» ХІ турда жеңіске жетті

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» ХІ турда жеңіске жетті
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ тур ойындары басталды. Бүгін бұл турдың екі ойыны өтті. Назарларыңызға кездесулердің нәтижесін ұсынамыз.

Оңтүстік дербиінде «Ордабасы» жеңіске жетті. Таразда өткен ойында 2:1 есебі тіркелді. Шымкенттік клуб сапынан Филип Касалица дубль авторы атанса, «Тараз» клубы сапынан бір голды Малик Мане соқты. Нәтижесінде шымкенттік клуб турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал «Тараз» көш соңында келеді.

Қарағандыда өткен «Шахтер» мен «Ақтөбе» арасындағы ойында 2:0 есебі тіркелді. Бұл ойында қонақтар жеңіске жетті. Ақтөбелік клубқа жеңіс сыйлаған голдарды Дидар Жалмұқан мен Тоқтар Жаңғылышбай соқты.

ХІ турдың қалған ойындары 15 мамыр күні өтеді. Көкшетауда «Оқжетпес» пен «Тобыл», «Атырау» мен «Астана», Оралда «Ақжайық» пен «Жетісу», Алматыда «Қайрат» пен «Ертіс» ойнайды.

Ө. Сансызбай