Еурокубок финалында қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды

Еурокубок финалында қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды
Фото: shakhtar.info

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалына қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлап отыр.

Чемпиондар лигасының финалындағы мадридтік «Атлетико» мен «Реал» арасындағы ойынға ағылшын төрешісі Марк Клаттенбург қазылық жасайды. 28 мамыр күні Миландағы «Сан Сиро» стадионында өтетін ойында Марк Клаттенбургқа Саймон Бек пен Джек Коллин көмектессе, қақпа алдындағы қарбаласты Энтони Тэйлор және Андре Марринер қадағалайтын болады.

Еуропа лигасының финалына шыққан «Ливерпуль» мен «Севилья» арасындағы ойынға швед Йонас Эрикссен қазылық жасайтын болды. Финал 18 мамыр күні Швейцарияның Базель қаласында өтеді.

Ө. Сансызбай