Премьер-лига. «Астана» көш басына қайта шықты (видео)

Премьер-лига. «Астана» көш басына қайта шықты (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының Х тур ойындары мәресіне жетті. Өз алаңында Оралдың «Ақжайық» клубын жеңген «Астана» көш басына қайта шықты. Назарларыңызға ойындардың нәтижесін ұсынамыз.

Кеше Павлодарда «Таразды» жеңіп, 3 ұпайға ие болған «Ертіс» бірінші орынға шыққан еді. Алайда бүгін Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық клуб көш басына қайта оралды. Олар Оралдың «Ақжайығын» Астанада 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда Танат Нөсербаев гол соқса, екінші Патрик Твумаси бір голды еншісіне жазды.

Алматының «Қайраты» Қостанайда жергілікті «Тобылды» жеңді. Ойында 1:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапын алға шығарған голды 8 минутта Томаш Шимкович пенальтиден соқты. Араға 5 минут сала Жерар Гоу таразы басын теңестірді. 56 минутта Жерар дубль авторы атанып, алматылық ұжымға 3 ұпай сыйлады.

Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Көкшетаудың «Оқжетпес» клубына ірі есеп айырмасымен есе жіберді. 4:1 есебімен жеңіске жеткен көкшетаулық клуб 19 ұпаймен үшінші орынға оралды.

«Астана» (Астана) – «Ақжайық» (Орал) 2:0

Голдар: Таңат Нөсербаев 45, Патрик Твумаси 48.

«Тобыл» (Қостанай) – «Қайрат» (Алматы) 1:2

Голдар: Томаш Шимкович 8 (пенальти) – Жерар Гоу 13, 56.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:4

Голдар: Марко Симоновски 78 – Марат Хайруллин 2, 90+4, Серж Срепин 32, Жасұлан Молдақараев 59.

Х турдың бейнешолуы

Үздік мергендер:

Роман Мұртазаев («Ертіс») – 7 гол;

Гогита Гогуа («Ертіс») – 4 гол;

Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 4 гол,

Жерар Гоу («Қайрат») – 4 гол.

Турнир кестесі

10-05-2016-kpl keste 01

11-тур ойындары 14-15 мамыр күндері ойналады. Аталған турдағы қарсыластар реті төмендегідей:

14 мамыр

«Тараз» – «Ордабасы»

«Шахтер» – «Ақтөбе»

15 мамыр

«Ақжайық» – «Жетісу»

«Атырау» – «Астана»

«Қайрат» – «Ертіс»

«Оқжетпес» – «Тобыл».

Ө. Сансызбай