Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Әлемнің ең жас футболшылардың ондығы

Әлемнің ең жас футболшылардың ондығы

Әлемнің ең жас футболшылардың ондығы

Бүгінгі әңгімеміз әлемнің ең жас 10 футболшысы жайлы болмақ. Ең талантты әрі жас футболшылардың тізімін Аргентина құрамасы мен Атлетико командасында өнер көрсетіп жүрген, Кун (Серхио) Агуэро бастап отыр. Агуэроның командасы түрлі чемпионаттарда үлкен жетістіктерге жеткен. Кун Агуэро 2005 жылы «15 жасқа дейінгі» футболшылардың ең кішісі атанды.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы, Францияның құрамасында өнер көрсетіп жүрген Карим Бензема жас футболшылар тізімінің екінші сатысында. Кезінде Францияның «Лион» клубында теңбіл доп теуіп жүрген Карим 1-ші дивизионда да өнер көрсетті. «Арсеналдың» Арсен Венгер атты бапкері: «Карим Бензема Франция футболының жаңа жұлдызы»- деп айтқан.

Тізімнің үшінші сатысында Боян Кркичтің аты жазылған. 2007 жылы 17 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионы атанған Боян 7 жылда 960 гол соққан. Англиямен болған ақтық кездесуде қарсыласының қақпасына кіргізген доп Испания құрамасына жеңіс әкелді. Сол кезден бастап «Барселона» сапына енген Боян Чемпиондар Лигасының ең жас футболшы атағын иемденген.

Мексиканың мақтан тұтар жас таланты, Барселона қомандасында өнер көрсеткен Джованни Дос Сантос тізімнің төртінші сатысында тұр. 2005 жылы 17 жасқа дейінгілер арасынан Әлем чемпионы деген ардақты атаққа ие болған.

Жас әрі талантты футболшылардың арасынан бразилиялық Андерсон да көрініп қалды. Андерсон өз футболдық мансабын «Гремио» жасөспірімдер клубынан бастаған болатын. Естен кетпес голын соққан Андерсон жұрт назарын өзіне бірден аударған. Кейін келе «Порту» клубында өнер көрсетіп, трансферлік алмасу кезінде Манчестер Юнайтед клубына сатылған. Андерсонды сатып алу үшін МЮ 17 миллион стерлинг бөлді.

Арсеналдың жас шабуылшысы Карлос Вела алтыншы орынға қанағат тұтып жатыр. 3 жыл бойы Испания азаматтығын алуға жұмсаған Карлос Вела 2005 жылы 17 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем чемпионатында сан жетпес гол соғып, жұртқа танымал болған. Вела стратег ретінде де көзге ілінді.

«Ньюкасл» шабуылшысы Хатем Бен Арфа жетінші орында. ЕУРО-2008 жарысының іріктеу ойындарында Франция ардагері Давид Трезегені ойын алаңында алмастырған. Ойын ұйымдастыру қабілетін, стратегиялық жоспарларын ескере отырып, футбол тарихындағы аты танымал футболшы болады деп нақты айтуға болады.

Италиялық Дженоа клубының жартылай қорғаушысы Мигель Велозу тізімнің сегізінші сатысында орналасқан. 21 жасқа дейінгілер арасынан көрінген Мигель шеберлігін Чемпионатта көрсеткен болатын. Пас беру өнерінің хас шебері. Футбол әлемі Мигельге көп үміт артып отыр.

Тізімнің соңына да жетіп қалдық. Жас-қуаттылар тізімінің 9-сатысында Райан Бабел орналасты. Үздік өнері мен баспен ойнау шеберлігімен көрермендердің көзайымына айналған Райан «Ливерпульдің» бапкерінен оң баға алған. Жоғарыда айтылған команданының сапында Райан алғашқы ойынды «Астон Виллаға» қарсы 2007 жылы өткізген.

Тізімнің ең соңғы сатысы бразилия жұлдызы Алешандро Патоның еншісінде. «Милан» командасы Алешандроны сатып алу үшін «Сан-Сироға» 16 миллион еуро көлемінде қаражат төлеген. Талантты футболшы 2008 жылдан бастап, Россенерилер командасында өнер көрсетіп жатыр. 


Суреттер fannet.org, real-fc.com, fc-arsenal.com, sports.ru, on.kz  сайттарынан алынған

3934 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 19 қаңтар 2012, 12:30
Тегтер: футбол, жас, massaget.kz,
Пікірлер
+0
19 қаңтар 2012, 12:51

Тепсе темір үзетін жап-жас жігіттер. Ал біздің құрамында доп қуып жүргендердің арасындағы ең жас футболшы кім екен, а?!

+0
19 қаңтар 2012, 13:21

Агуэро жаныым сол

+0
19 қаңтар 2012, 20:26

Астана ФК құрамында бір жігіт болды ғой, аты есіме түспей тұр.. Қателеспесем, ол да 15 жасынан кәсіби футболды бастады

+0
19 қаңтар 2012, 21:23

Бұ мақала 2008 жылғы бойынша алынған ғой, гуглссстың. Қазірде талантты ең жас футболшы Неймар ғой. Кішкене аударған мақаланың жылына мән беріп қойсаңдаршы

+0
26 қаңтар 2012, 10:04

Келіспеске шара жоқ!

+0
19 қаңтар 2012, 21:33

Агуэро қазір Манчестер Ситиде,
Бензема - Реал Мадрид
Боян Кркич - Рома
Дос Сантос - Расинг (аренда, негізі Тотенхэмнің ойыншысы)
Карлос Вела - Реал Сосьедад (аренда, Арсенал)
Райан Бабел - Хоффенхайм

+0
27 қаңтар 2012, 13:03

Мынауың ескі список болар! Немістің жас таланттарының біреуіде жоқ! Гётце, Ройс, Кроос, Шюрле дегендердің ен курмаганда екеуі осы тізімге ену керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...