Головкиннен жеңілген Уэйд 500 000 доллар сыйақы алды

Yernar Almabek Корреспондент
Головкиннен жеңілген Уэйд 500 000 доллар сыйақы алды
Фото ©️ http://vk.com/ggolovkin

Бүгін Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өткен кездесуде Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен жұдырықтасып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) мен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионына жеңілген Уэйд үлкен көлемдегі гонарарды еншілеп қалды.

БӨЛІСУ

Бұл жөнінде ESPN арнасы: "Уэйдтің Головкинге қарсылас атануы көпшілікті таңқалдырды. Ол бұған дейін мұндай деңгейдегі боксшылармен кездесіп көрмеген, сол себепті Головкинге төтеп бере алмады. Екі раундта бокс грушасына айналған америкалық 500 мың долларды құрайтын гонарарын еншілеп, қайтадан өзімен деңгейлестердің қатарына түсті", - деген хабар таратты.

Айта кетерлігі, бұл жеңіліс Уэйдтің спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі. Ол бұған дейін өткізген 18 кездесуінің бәрінде жеңіске жеткен.

Геннадий Головкинге келер болсақ, спорттық мансабындағы 35-ші жеңісіне қол жеткізген жерлесіміз нокаутпен жеңген жұдырықтасуларының санын 32-ге дейін арттырды. Ал оның бұл кездесу үшін алған сыйақысының көлемі 2 миллион долларды құрады.