Асу Алмабаев Уфада Галамырза Эйвазовты жеңді (видео)

Асу Алмабаев Уфада Галамырза Эйвазовты жеңді (видео)
Фото: vk.com

Уфада өткен «Fight Nights Global 45» халықаралық турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев ресейлік Галамырза Эйвазовты жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Спортшылар 57 келіге дейінгі салмақта «сегіз бұрышқа» шықты. Қарсыласының қателігін күткен Асу Галамырзаны бірінші раундта-ақ сан соқтырды. Отандасымыз қол қайыру әдісін ұтымды пайдалана білді.

Айта кетейік, Асу джиу-джитсудан халықаралық санаттағы спорт шебері.    

Ө. Сансызбай