Головкин - Уэйд жекпе-жегіне қазылық жасайтын төрешілер анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Головкин - Уэйд жекпе-жегіне қазылық жасайтын төрешілер анықталды
Фото ©️ sports.yahoo.com

Калифорния штатының бокс комиссиясы 23 сәуір күні өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекке қазылық жасайтын төрешілерді таныстырды.

БӨЛІСУ

Шаршы алаңдағы бас төреші қызметін Джек Рейсс атқарады. Ол кәсіпқой бокс әлеміндегі танымал төрешілердің бірі. Оған Пэт Рассел, Стив Морроу мен Аделаид Бёрд көмектесетін болады. Джек Рейсс осыған дейін Геннадий Головкиннің екі жекпе-жегіне қазылық жасаған. Ол қазылық жасаған екі жекпе-жекте GGG Вилли Монро (2015 жыл) мен мексикалық Марко Антонио Рубионы ( 2014 жыл) жеңген болатын. Сондай-ақ, америкалық төрешілер кәсіпқой бокста қазақстандық Бекман Сойлыбаев, Мадияр Әшкеев, Руслан Мәдиев пен Бейбіт Шүменовтің жекпе-жектеріне қазылық жасаған.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен 24 сәуір күні таңертең өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады. Отандасымыз орта салмақта WBA (Super), WBС (Interim), IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атағын қорғайтын болады.