Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды

Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды
Фото: fdk.kz

6 мамыр күні дзюдодан Әзірбайжан астанасы Бакуде «Grand Slam» халықаралық турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Жарысқа қыздар арасында Гүлбадрах Отгонцегцег қана қатысса, ерлер құрамында Мұқанов Азамат (66 келі), Жұмаханов Елдос (66 келі), Ықыбаев Дастан (73 келі), Хамза Дидар (73 келі), Қалмаханұлы Азиз (81 келі), Жақыпов Дәулетхан (81 келі), Есен Самат (90 келі) және Шыныкеев Ержан (100 келі) барады.

Айта кетейік, кеше ғана аяқталған Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсеткен болатын. Елдос Сметов, Гүлбадрах Отгонцегцег пен Мариан Ордабаева Азия чемпионы атанса, Гүлжан Исанова мен Дидар Хамза күміс медаль иеленді. Елдос Жұмаханов, Азиз Қалқаманұлы, Максим Раков пен Ержан Шынкеев қола жүлдегер атанған болатын. Ал командалық белдесулерде ерлер мен әйелдер құрамасы да қола жүлде еншіледі.

Ө. Сансызбай