Ресейлік боксшы Головкинді айдаһарға теңеді

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Ресейлік боксшы Головкинді айдаһарға теңеді
Фото ©️ khabar.kz

Ресейлік атақты боксшы Григорий Дрозд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 23 сәуір күні америкалық Доминик Уэйдпен кездесуінде қолданатын мықты тұстарын айттты,  деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

"Бірінші кезекте Геннадий Головкинге қатысты үш нәрсені атар едім. Біріншісі  оның аяқтары, қозғалысы. Екіншісі  күшті, естен тандыратын соққылары. Үшіншісі  оның рингтегі дүние танымы. Тәсілді қолдануы өте дұрыс. Оның қысым көрсетуінің сыры неде? Геннадий Головкин  рингте қарсыласын кеңістіктен айыратын адам, кейде жылдам, ал кей кездері біртіндеп жанши бастайды",  деді Дрозд. 

Уэйд ұзын бойлы екенін және Головкинге орташа дистанцияға өту керек болатынын айтты. "Ол не істейді? Рингті, бұрыштарды қиып өтіп, Уэйдті арқанға тақап, кеңістіктен айыруға тырысады, ол сөйтіп өзінің дұрыс қимылы мен қадамдарын пайдаланады. Гена қолын әрдайым биік ұстайды, тым төмен бүгіліп, отырады және денеден ұрып, соққылары төмен бағытталады, содан кейін қолдың маңынан ұруды бастайды. Тағы бір айта кететін жайт: серия басталғанда Геннадий "адымдап", басқа бұрыштан соққыларды төпелете жөнеледі",  деді ол.

Сонымен қатар, Дрозд қазақстандық боксшының тағы бір қасиетін айтты. "Оның мынадай қыры бар: ол айдаһар жылан сияқты әрекет етеді. Жаныңда тұрып жақындайды, бірақ өте мықты қорғанады. Ол соққыларын шектейді немесе сол қалпы жаныңда қалады, бірақ ол үшін сол зонада қалу ыңғайлы. Ол әрдайым қарсы соққы жасайды немесе еңкейіп барып ұрады. Бұл қысым Геннадийдің үлкен көзірі. Бұл оны Уэйдке қарсы қолдануы керек, оның қолынан келуі тиіс. Геннадийдің соққылары қалыпсыз, ерекше және ауыр, қатты тиіп, қарсыласын құлатады",  деді Дрозд.

Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд болады. Қазақстандықтар үшін кездесу 24 сәуір күні таңертең басталады. Жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей трансляциялайды.

Головкин үшін бұл кездесу WBA титулын қорғаудағы 16-шы, IBO - 13, WBC (Interim) - 4, IBF-те бірінші жекпе-жек болады. GGG кәсіби рингте 34 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Олардың арасында 31 кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ал Уэйдтің қоржынында 18 жекпе-жек бар, ол да барлығында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, кездесулерінің арасында 12 жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталған.

Дерек көзі: tengrinews.kz