Еуропа лигасының жеребесі тартылды

Еуропа лигасының жеребесі тартылды
Фото: vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша испандық клубтар бір-біріне қарсылас атанған жоқ.

Жартылай финалда ағылшындық «Ливерпуль» мен «Вильярреал», донецкілік «Шахтер» мен «Севилья» ойнайды. Бірінші ойындар 28 сәуір күні өтсе, қарымта ойындар 5 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, 2015/2016 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының финалы Швейцарияның Базель қаласында өтеді. 

Ө. Сансызбай