Польша құрамасы баспасөз мәслихатына келмей қалды

Польша құрамасы баспасөз мәслихатына келмей қалды
Фото: vesti.kz

Футзалдан Польша ұлттық құрамасы Қазақстанмен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатына келмей қалды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Іс-шара Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өтуі тиіс болған еді. Поляктар өздерін жайсыз сезінуіне байланысты баспасөз мәслихатына келмеген.

Айта кетейік, Қазақстан мен Польша арасындағы ойын ертең Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсететін болады.

Н. Үсенова