Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 9 орынға жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 9 орынға жоғарылады
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) наурыз айындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 9 саты жоғарылап, 116-орынға тұрақтады.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында көптеген өзгерістер орын алды. Көш басына Аргентина құрамасы шығып, Бельгияны екінші орынға ығыстырды. Үшінші орынға Чили құрамасы көтерілді. Сондай-ақ, Колумбия құрамасы алғашқы ондықта 4 орынға жоғарылап, 4-орынға шықты.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Аруба ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 24 саты төмендеп, 137-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Гвинея-Бисау құрамасы еншіледі. Олар 45 саты жоғарылап, 102-орынға табан тіреген.

Қазақстан құрамасы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізді. 26 наурыз күні Антальяда Әзірбайжан құрамасын ұтса, араға үш күн сала Тблисиде Грузия құрамасымен тең ойнады. Екі ойын нәтижесі бойынша ұлттық құрама 9 орын алға жылжып отыр.

Жаңартылған рейтинг:

1 (2). Аргентина — 1532 ұпай
2 (1). Бельгия — 1352
3 (5). Чили — 1348
4 (8). Колумбия — 1337
5 (4). Германия — 1309
6 (3). Испания — 1277
7 (6). Бразилия — 1251
8 (7). Португалия — 1184
9 (11). Уругвай — 1158
10 (9). Англия — 1069

22 (27). Украина — 845
27 (23). Ресей — 821
66 (74). Өзбекстан— 549
77 (64). Беларусь — 465
93 (88). Эстония — 366
100 (105). Қырғызстан — 340
108 (98). Латвия — 323
110 (116). Армения — 316
116 (125). Қазақстан — 300
123 (122). Грузия — 289
128 (113). Түрікменстан — 277
134 (112). Әзірбайжан— 269
139 (128). Литва — 254
156 (156). Молдова — 181
164 (150). Тәжікстан— 149.

Ө. Сансызбай