Алматыда дзюдодан Гран-При турнирі өтеді

Алматыда дзюдодан Гран-При турнирі өтеді
Фото: fdk.kz

13-15 мамыр аралығында Алатыда дзюдодан Гран-При турнирі өтеді. Қазіргі таңда жарысқа қатысуға 40 мемлекеттің спортшылары өтініш беріп үлгерді.

ҚР дзюдо қауымдастығының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, Алматыдағы жарыс «Grand Prix» халықаралық турнирлерінің арасынан Олимпиадаға жолдама алу үшін ұпай берілетін жарыстардың соңғысы екен. Мұнан кейін, тек «World Masters» турнирі өткізіледі, ол жарыста да жолдама үшін ұпайлар беріледі.

Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылады. Турнирді «Қазспорт» телеарнасы көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Ө. Сансызбай