Өтешов пен Қыдырбаевқа қатысты допинг дауы шешілетін уақыт анықталды

Өтешов пен Қыдырбаевқа қатысты допинг дауы шешілетін уақыт анықталды

Ауыр атлетикадан Хьюстонда өткен әлем чемпионатынан кейін «допинг қолданды» деп айыпталған қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевқа қатысты даудың шешімі сәуір айының екінші жартысындаанықталатын болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов тілшілерге берген сұқбатында айта кетті.

«Казинформ» таратқан ақпарат бойынша, Елсияр Қанағатов қазақстандық спортшыларға қатысты нақты шешім сәуір айының екінші жартысында шығатынын айтқан.

- Біз арнайы комиссия құрдық. Олар әлі зерттеулерін аяқтаған жоқ. Аяқтай сала біз хабарлайтын боламыз. Сәуір айының ортасынан ауа жариялап қаламыз, - деді Елсияр Қанағатов.

Айта кетейік, осыған дейін қос спортшының допингті әдейі қолданбағаны айтылып, Олимпиадаға қатысуы мүмкін деген ақпараттар жарияланған болатын. 

Ө. Сансызбай